20 Қараша 2020

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау ағымдағы жылғы 19 – 27 қараша аралығында жүргізіледі. Өтініштерді nqt.testcenter.kz сілтемесі арқылы беруге болады.
ҰБТ 2020 жылы 23 қараша мен 21 желтоқсан аралығында «U-FUTURE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аймақтық тестілеу орталықтарында өткізіледі.
Тестілеуден келесі әріптестер өте алады:
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері;

Жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;

Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері;

Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері;

Білім беру ұйымдарының басшылары.
Ескерту: Педагог ҰБТ-ны ағымдағы жыл ішінде (бір) рет – тегін, қайта 1 рет және сынақ (педагогтің қалауы бойынша) ақылы негізде тапсыра алады.

Пікір қалдыру