16 Қазан 2020

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

16 қазан күні білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Қашықтан оқыту жағдайында тарих пәнін оқытудың өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында вебинар өтті. Вебинар барысында педагогтарға қашықтан оқыту жағдайында тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері, басшылыққа алынатын әдістемелік ұсынымдар, білім беру платформаларымен жұмыс түрлері, мүмкіндіктері туралы ұсынымдар беріліп, педагогтар өзара тәжірибе алмасты. Облыстық вебинарға 98 педагог  қатысты.