20 Қараша 2020

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ КӘСІПОДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА “ҰСТАЗ МҮДДЕСІ – КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА” АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Байқаудың басты мақсаты – салалық кәсіподақтың кәсіподақ мүшелері – республиканың білім қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіндегі рөлі мен орнын арттыру.

Байқауда бақ сынау үшін қатысушылар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 желтоқсанына дейін шыққан тақырыптар бойынша материалдарын ұсыну қажет.

Материалдар: мақалалар, сұхбат, репортаждар, очерктер, теле-радио-, интернет материалдары (ақпараттық сайттардағы жарияланымдар) қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Байқау қорытындысы 2020 жылдың 16 желтоқсанына дейін (ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында) шығарылады.

Байқауға материалдар төмендегі мекен-жай бойынша жіберіледі немесе ұсынылады:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы, 38 үй, 315 каб., “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ, “Байқау” белгісімен

E-mail: proin.kz@mail.ru

Анықтама үшін телефондар: 8(7172) 21-04-54, 21-70-76

  • Байқау ережесімен толығырақ ресми сайтымыздан танысуға болады.

Пікір қалдыру