20 Қараша 2020

«ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ – 2020» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 20 қараша күні облыстық «Жамбыл дарыны» орталығында қосымша білім беру ұйымдарындағы шығармашыл жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи педагог-психологтарды анықтау, қолдау, мадақтау, ынталандыру және педагог-психологтардың кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында «Педагог-психолог – 2020» байқауы өтті. Байқау пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларына байланысты қашықтықтан ұйымдастырылды.

Байқауға облыстан 5 үміткер қатысты. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

                Байқаудың өткізілу барысы фейсбук әлеуметтік желісіне жарияланды:  https://m.facebook/com/story.php?story_fbid=486151472353534&id=100028760573959

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру