16 Қазан 2020

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

16 қазан күні білім басқармасының ұйымдастыруымен қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Техникалық шығармашылықты дамыту. Робототехника және ІТ технологиялар» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.  Облыстық   семинарға     Жамбыл облысының қосымша білім беру ұйымдарының 25 қосымша білім беру педагогтары қатысты. Семинар  барысында педагогтер өзекті мәселелерді талқылап және тәжірибемен алмасты. Семинар  жұмысының қорытындысында, педагогтарға Алғыс хат пен  сертификаттар  табысталды.