20 Қараша 2020

ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЛОГ АЛАҢЫ ӨТТІ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  20 қараша күні «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірбие. Нәтиже»  жобасының аясында республикалық  «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы облыстық ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Р.Дүйсенбаевтың «Сабақты ұйымдастырудың бес қағидасы немесе ұстаз бен оқушы арасындағы сабақтастық» тақырыбында ZOOM платформасында  полилог алаңы өтті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар,  жалпы  203 педагог қатысты.

Пікір қалдыру