20 Қараша 2020

ОБЛЫСТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР ӨТТІ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  20 қараша күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы  аясында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: тұрақты даму мен кемел келешектің кепілі» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған педагогикалық оқулар өтті.

Педагогикалық оқулар барысында Ата Заңымыздың қабылдану тарихы, негізгі баптары, құқықтық сауаттылық бағытындағы бастамалар, мемлекетіміздің демократиялық дамуындағы маңыздылығы мен рөлі туралы баяндамалар жасалды.

Іс-шараға ЖОО-ның ғалымдары, тарих пәнінің мұғалімдері, білім бөлімінің әдіскерлері, барлығы 52  педагог қатысты.

Педагогикалық оқулардың нәтижесінде облыстағы бірқатар білім беру мекемелерінің үздік ұстаздары жүлделі орындармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Пікір қалдыру