20 Қараша 2020

ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН-ЖИНАЛЫС ӨТТІ

20 қараша күні білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинетінің  ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы» бойынша  аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеті меңгерушілерінің қатысуымен    онлайн-жиналыс өтті.

Онлайн-жиналыс барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілеріне  Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы және білім мекемелерінің педагогтерін әдістемелік қолдау жұмыстарын инновациялық бағытта дамыту бойынша бірқатар  жұмыстардың  жүйелі жүргізілуі туралы  ұсыныстар айтты және қатысушылар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараға 12 адам қатысты.

Пікір қалдыру