16 Қазан 2020

МЕКТЕПТЕРДЕ АҚША ЖИНАУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!!!

🚫Білім басқармасы білім мекемелерінде ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынғанын ескертеді! Мектептің жөндеу жұмыстары, тазалық заттарына қаржы қарастырылған. Сондықтан ата-аналардан, педагогтардан ақша жинауға еш негіз жоқ. Білім мекемелерінде ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы бұйрық шығарылған. Бұйрықты әрбір мектеп басшысы мен мұғалімдер орындауға міндетті!  ☎️Егер білім мекемесіндегі ақша жинау фактісі бойынша қандай да бір дәлеліңіз болса, нақты мектепті көрсете отырып білім басқармасының Call-оралығына (43-88-39, 8-747-208-54-66) хабарлассаңыз болады.