МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ БЕРУ

Мектепке дейінгі ұйымдар

         Ақпарат: Облыста барлығы 547 (411-балабақша, 136-шағын орталық) мектепке дейінгі білім мекемелерінде 55953 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында –91%, 3-6 жас аралығында –100% (2019 жыл 1-6 жас – 86%, 3-6 жас – 100%).

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар саны –188 (184 балабақша, 4 шағын орталық) онда 19941 бала тәрбиеленуде.

Мемлекеттік–жекешелік әріптестік негізінде 7 балабақша (Байзақ -3, Жамбыл-1, Тараз-3) қызмет атқарады.

Мектепке дейінгі ұйымдарға қалыптасқан кезек  саны 1-6 жас аралығында –6863 бала, 3-6 жас аралығында – 0 бала.

2020-2025 жылдары 1-6 жас арасындағы балалардың қамту үлесін арттыру мақсатында 15674 орындық 126 мектепке дейінгі ұйымдар (2020 ж. – 3280 орындық 27 МДҰ; 2021 ж. – 2327 орындық 22 МДҰ; 2022 ж. -2231 орындық  20 МДҰ; 2023 ж.- 2539 орындық 18 МДҰ; 2024 ж. -2757 орындық 22 МДҰ; 2025 ж. – 2540 орындық 17 МДҰ)  ашу жоспарланған.

Нәтижесінде облыстағы 1-6 жас арасындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту үлесі –92,3%-ға жеткізілетін болады.

2020 жылдың басынан 380 орындық 4 жекеменшік  балабақша және 304 қосымша орын ашылды.

Анықтама үшін: 2019 жылы Қадамдық жоспарға сәйкес 2899 орындық 27 мектепке дейін ұйым ашу жоспарланып, жыл соңында 4054 орындық 29 мектепке дейінгі ұйымдар ашылды. Жоспар 1155 орынға артығымен орындалып, 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі білім мекемелерімен –100% қамтылды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Жамбыл облысы әкімінің арасындағы    «3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және  оқытумен қамту үлесі» бойынша түйінді нысаналы индикатор орындалды.

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУҒА

ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

 Арнайы білім беру

Бүгінгі таңдааудандық, Тараз қалалық  білім бөлімдерінің  мәліметіне сәйкес 0-18 жас аралығында ерекше білім алуды қажет ететін 7944(оның  3166-ы мүгедек бала) мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген(2019-2020 оқу жылында -7961).7944 ерекше білімді қажетететін баланың 3364-імектеп жасына дейінгі балалар, 4580-і мектеп жасындағы балалар. 7944 баланың 6146-ы(77,3%) біліммен және тәрбиемен қамтылған(2019-2020 оқу жылында -6316).Оның ішінде,

Мектепке дейінгі мекемелерге қамтылған ерекше қажеттілігі бар балалар- 2478(2019-2020 оқу жылында – 2561), оның ішінде:

87 мектепке дейінгі мекемелердегі логопункттерде 1806 бала инклюзивті тәрбиеленуде(2019-2020 оқу жылында1837);

14 мектепке дейінгі   мекемеде  (56 топта) 672   бала қамтылған

(2019-2020 оқу жылында -724);

Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті біліммен қамтылғанбалалар – 3515 (2019-2020 оқу жылында- 3605, оның ішінде:

442 орта мектепте 915бала инклюзивті біліммен  қамтылған(2019-2020 оқу жылында – 1111);

4 арнайы түзету мектеп-интернаттарда (саңырау және нашар еститін, соқыр және нашар көретін, қимыл-тірек аппараты бұзылған, ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған) – 521 бала(2019-2020 оқу жылында -540);  жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда (15 мектептің 57 сыныбында) – 319 оқушы(2019-2020 оқу жылында -316);1757 бала үй жағдайында оқытылуда(2019-2020 оқу жылында- 1638);Кәсіптік-техникалық колледждерде мүмкіндігі шектеулі 156 бала білім алуда(2019-2020 оқу жылында -150).

442 жалпы білім беретін мектептердің363-де(82,1%),  411 мектепке дейінгі білім беру мекемесінің 205-де (49,8%) инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.

2020-2021 оқу жылында 4 облыстық түзету мектеп-интернатында – 521бала арнайы білім алуда. Бүгінгі күнге барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, Тараз қаласындағы  мектеп-интернаттардан (Болашақ, Мейірім және ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған мектеп –интернаттар) 13 (бастауыш) және 4 (негізгі) кезекші сыныптар ашылып, онда 65 бала арнайы оқытылса, Талас ауданы, Қаратау қаласындағы «Үміт» мектеп-интернатынан 2 сыныпта (бастауыш) 7 бала оффлайн форматта білім алуда.

Қалған 449 бала онлайн түрінде, яғни қашықтықтан оқытылуда.  Бүгінгі таңда 449 баланың 92-і планшеттермен, 63-і компьютерлермен, 58-і ноутбукпен қамтылса, қалған 236-ы смартфондармен WhatSapp, Zoom, Jitsi Meet, Вilimland  платформалары  арқылы  білім алуда.

Сондай-ақ, Тараз қаласында және 10 аудан орталықтарында орналасқан 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және Оңалту орталығында  1499 баланың 1285-і штаттық режимде, 214-і қашықтықтан түзету көмегін алуда.

12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің 10-ы штаттық, 2-і (Шу ауданының ғимараты сәйкес емес, Жамбыл ауданы әкімдігі рұқсат бермеген) қашықтықтан жұмыс істесе, 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының барлығы  штаттық  режимде жұмыс істеп, ү.ж. қаңтар-қыркүйек аралығында 7072 бала тексеруден өткізіліп, білім беру бағдарламалары анықталып, жалпы және арнайы білім беру мекемелеріне жолданды.

Облыста арнайы және инклюзивті білім беретін 7218 педагогтың 3779-ы (52,3%) және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде түзету, оңалту көмектерін көрсететін 332 маманның 256-ы (77,1%) біліктіліктерін арттыру курстарынан өтті. Аталған мәселе басқарманың тұрақты бақылауында.

Тараз қаласындағы 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасының  бастамасымен құрылған «Қамқорлық» қайырымдылық қорының Жол картасы аясында Тараз қаласындағы №№ 9, 35 орта мектептердің жанынан инклюзивті білім беруді қолдау орталықтарын (ресурстық кабинеттер) ашылады.

Қазіргі таңда аталған мектептердегі кабинеттерде  арнайы берілген дизайн үлгісі бойынша жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Осы кабинеттерге қамтылатын оқушылардың тізімі (№9 о/м-тен 37, №35 о/м-тен 29 оқушы) жасақталып, қыркүйек айының 4-20 аралығында аталған кабинеттерге қамтылатын педагогтар аталған қор ұйымдастырған  оқыту курсынан өтті. Сондай-ақ, инклюзияны қолдау кабинеттері  қажетті құрал-жабдықтармен ү.ж. қазан-қараша айларында қамтамасыз етілетін болады. №9 орта мектепті жабдықтау «Қамқорлық» қайырымдылық қоры (8 млн) арқылы қараша айының 15-не дейін қамтамасыз етілсе, №35 орта мектепті жабдықтау мәселесі жергілікті бюджеттен (6,5 млн) шешілуде. Бүгінгі күнге №35 орта мектепке 3 млн. теңгенің құрал-жабдықтарыалынса,жиһазбен жабдықтауға  3,5 млн. тг. қаржы қарастырылып,  порталға орналастырылды. Жылдың соңына дейін екі кабинет ашылады.

Сондай-ақ, ү.ж. маусым айында “Дара” Қайырымдылық Қорының қолдауымен Тараз қаласындағы №20 орта мектептің жанынан №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК), Қазақстанның тұңғыш Президенті паркінің жанынан балалардың инклюзивті ойын алаңы ашылды.

2020 жылдың соңына дейін “Дара” Қайырымдылық Қорымен және “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен Қордай ауданы, Масаншы және Сортөбе ауылдарында (№13 және №16 орта мектептерде) аудан орталығындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің  филиалдарын, аудан  орталығы – Қордай  ауылында (№51 о/м) инклюзивті білім берудің ресурстық орталығының ашылуы жоспарланып отыр.  Қордай ауданындағы №51 орта мектептен ашылатын ресурстық кабинеттің жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда кабинетке қажетті құрал-жабдықтар мен жиһаз мүліктері жеткізілуде. Сондай-ақ, Масаншы және Сортөбе ауылдарындағы №13 және №16 орта мектептердің ішкі жөндеу жұмыстары аяқталса, сыртқы жұмыстары (пандустары, кіре беріс баспалдақтары, дәретханалары т.б.) қалды. Құрал-жабдықтарын жеткізу мәселесі бойынща тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жеткізуші мекемелермен келісімшарттарға отырып, құрал-жабдықтары әкелінуде.

Ал, аудан орталығындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған ауданда ресурстық кабинет пен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің филиалдары жылдың соңына дейін  ашылады.

 

Информация ОП на 2-х языка

77 ге қосымша

алгоритм ДО каз

дежурные группы

алгоритм ДО каз (2)

Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту

АЛҒЫСҚА ТОЛЫ АКЦИЯ

Балалық мекеніме 5-жыл!