20 Қараша 2020

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 20 қараша күні “Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың басым бағыттары” тақырыбында вебинар өтті.

Облыстық іс-шараға аудандық(қалалық) білім бөлімдерінің кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша жауапты әдіскерлері мен білім ұйымдарының кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты 150 қызметкер  Zoom платформасы арқылы қатысты. Кәсіптік бағдар берудің маңыздылығы мен қоғамдағы өзектілігі туралы пікір, ұсыныстар айтылды.

Пікір қалдыру