16 Қазан 2020

ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫН ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 15 қазан  күні «География сабақтарын қашықтықтан оқыту барысында критериалды бағалауды  ұйымдастырудың  жолдары»  тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған  оқыту вебинары  өтті. Іс шараға 101 педагог қатысты. Вебинар барысында оқушыларды қашықтықтан оқытуда қалыптастырушы бағалау ерекшеліктері туралы ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.