Мектепке дейінгі білім беру

Облыста барлығы 552 (411-балабақша, 141-шағын орталық) мектепке дейінгі білім мекемелерінде 58087 бала тәрбиеленудеМектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 91(2019ж. – 86%), 3-6 жас аралығында – 100(2019ж. – 100%)  

(2018 жылы республика  1-6 жас – 77,1%, 3-6 жас – 95,2%, 2019 жылы республика 1-6 жас – 79,8 , 3-6 жас –  98,5 ).

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар саны –187 (183 балабақша, 4 шағын орталық) онда 20192 бала тәрбиеленуде.

2019 жылы 4054  орындық 29 мектепке дейінгі ұйым ашылды (27 жекеменшік балабақша, 2 шағын орталық).

Мектепке дейінгі ұйымдарға 1-6 жас аралығында – 11188 бала кезегі қалыптасса, 3-6 жас аралығында – кезекте бала жоқ (2018 жыл 1-6 жас – 13615, 3-6 жас – 1104 бала, 2019 жыл 1-6 жас -11768, 3-6 жас – 0).

2020 жылы 3280 орындық 27 мектепке дейінгі ұйым ашу көзделуде (25 балабақша, 2 шағын орталық). Оның ішінде 380 орындық балабақша ашылды

Мектепке дейінгі ұйымдарда 7111 педагог қызмет атқарады.  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық және кәсіптік білімі бар педагогтар үлесі – 62,3% (2018 жыл – 46,5%, 2019 жыл -54,7%).