16 Қазан 2020

«АУЫЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебі» жобасы аясында «Химия, биология пәні сабақтарында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау»  тақырыбында ағымдағы жылдың 15 қазан күні  Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің химия, биология пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өтті. Вебинарда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін таңдау және әзірлеуде қойылатын талаптар туралы айтылып, электронды материалдар таратылды.