16 Қазан 2020

«АУЫЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 16 қазан күні «Ауыл мектебі» жобасы аясында «Информатика пәні сабағында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Байзақ ауданы, Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өткізілді. Вебинарда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін таңдау және әзірлеуге қойылатын талаптар, қашықтықтан оқыту жағдайында БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру мен өткізудің тиімді әдістері мен тәсілдері талқыланды.